ка

Қыпшақ хандығы

14.01.2019 11:58
0
4
Қазақстан тарихыМектеп №86 ЖОМКүні: 05.11.201806.11.201807.11.2018Мұғалім аты – жөні: Байғазиева А.А.Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақ тақырыбы: Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғасырдың басы) 2 сағатЗерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы «Дешті Қыпшақ» деп аталды? Оқу мақсаты6.2.2.3. – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;6.2.1.3. - тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану;Сабақ мақсатыБарлық оқушылар:
  • Қыпшақтардың әскери басқару жүйесін біледі, сипаттай алады.
  • Оқушылардың басым бөлігі:
  • Алтайдан Дунайға дейінгі аумақтағы тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын түсінеді, сипаттайды.
  • Кейбір оқушылар:
  • Ұлы Дала аймағын қоныстанған қыпшақтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесіне баға бере алады.
  • Бағалау критерийі
  • Қыпшақтардың әскери басқару жүйесін түсініп, талдайды. (түсіну,талдау)
  • Алтайдан Дунайға дейінгі аумақтағы тарихи оқиғалар орнын анықтайды(қолдану)
  • Деректер арқылы қыпшақтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағалайды (бағалау)
  • Тілдік мақсаттарТалқылау бойынша:
  • Мәтінді оқып, жұппен, топпен талқылайды. (оқылым, айтылым,жазылым)
  • Негізгі сөздер мен тіркестер: қыпшақтар,половецтер,командар, Дешті Қыпшақ, Ұлы Дала
  • Жазылым бойынша:1.«Миыңның суретін сал» әдісінде мидың суретін салып, ішіне көшпелілердің әскери басқару жүйесі мен өнері жайлы меңгерген білімдерін білдіретін сөздерді толтырады.2. Картамен жұмыс ( жазылым)3. Дерекпен жұмыс (оқылым,жазылым, )4. «5-5-1» әдісі (жазылым)Құндылықтарға баулуТарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығыбелсенділігі жоғары дамыған ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Пәнаралық байланысҚыпшақтардың қоныстанған жерлерін картадан көрсету арқылы география пәнімен байланыс.Түркі тайпаларының славяндармен тығыз қарым-қатынасын дәлелдейтін дерек арқылы дүниежүзі тарихы пәнімен байланысАлдыңғы білім6.3.1.3 – Х-ХІІІ ғғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін ,ұқсастықтарын,айырмашылықтарын анықтады; 6.3.2.4 – қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтады;.Сабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңіСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстарСабақтың басы7 минСәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, жаңа сабаққа қатысты үш сөз жазылған қима қағаздарды таңдату арқылы үш топқа бөлемін 1-топ; қыпшақтар2-топ; половецтер3-топ, командар. «БББ» кестесі арқылы алдыңғы білім пысықталады.Қима қағаздар

    Бағалау парақтары

    Сабақтың ортасы 8 мин

    8 мин

    8 мин

    8 мин

    1.Барлық топқа мәтінді оқып, жұппен, топпен талқылауға уақыт беріледі. Әдісі: «Миыңның суретін сал»1- Тапсырма: (жұптық жұмыс)1.Мидың суретін салып, оны сабақ кезінде көшпелілердің әскери басқару жүйесі мен өнері жайлы меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.Дескриптор:1.көшпелілердің әскери басқару жүйесін талдайды.2.көшпелілердің дәстүрлі әскери өнерін сипаттайды.

    2-тапсырма: «Ұлы Дала аймағына саяхат»Картадан Алтайдан Дунайға дейінгі кеңістіктегі қыпшақтардың қоныстанған аймақтары мен тарихи оқиғалар орнын анықтайды.

    Дескриптор: 1. Қыпшақтардың қоныстанған жерлерін көрсетеді.2.Тарихи оқиғалар орынын анықтайды.3-Тапсырма: Дерекпен жұмыс. (топтық). Қыпшақтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағалайды. Дескриптор: 1. Құжаттың түрін көрсетеді.2. Құжаттың жазылған кезеңінің ерекшелігін анықтайды.3. Түрік тайпаларының славяндармен қарым қатынасын дәлелдейді

    4-тапсырма: «5-5-1» әдісі (жеке жұмыс)Тақырып бойынша меңгерген білімдерінен түйін сөз келтіреді.Дескриптор: 1.Меңгерген білімдерін 5 сөйлем құру арқылы көрсетеді.2.5-сөйлемді 5-сөзге қысқартады. 3. Түйін 1 сөз шығарады.

    А4 форматты қағаздар, маркерлерСабақтың соңы 6 мин«ҚҚҚ» әдісі арқылы Қызық 3 нәрсеҚиын 3 нәрсеҚұнды 3 нәрсе Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма (эссе,альбом,слаид,буклет,қосымша деректер)плакат, стикерлерСаралау -Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауБарынша қолдау көрсету: «Миыңның суретін сал» әдісімен оқушының жеке қабілетін жан-жақты дамыту арқылы білім алу шеңберінде бірлесіп ойлау,білгенін білмегенмен бөлісу яғни көшпелілердің дәстүрлі әскери тактикасы мен өнеріндегі жетістіктерімен бөлісе отырып, құрдастар арасындағы ынтымақтастыққа қол жеткізіледі.Оқушы білім алуға деген «талпынатын»деңгейін көрсете алады. Орташа қолдау: Тарихи дерекпен өз бетінше жұмыс жасау қабілеті,тарихи оқиғаны талдау, тұжырымдау, оған өз көзқарасын білдіру,фактілер мен пікірлердің ара-жігін ажырата білу дағдысы қалыптасады.
  • «БББ» кестесі
  • «Миыңның суретін сал» әдісі
  • Картамен жұмыс: «Ұлы Дала аймағына саяхат»
  • Дерекпен жұмыс
  • «5-5-1» әдісі
  • «ҚҚҚ» әдісі
  • Дескриптор: 1 .көшпелілердің әскери басқару жүйесін талдайды. 2.көшпелілердің дәстүрлі әскери өнерін сипаттайды 3. Қыпшақтардың қоныстанған жерлерін көрсетеді. 4.Тарихи оқиғалар орынын анықтайды. 5. Құжаттың түрін көрсету. 6. Құжаттың жазылған кезеңінің ерекшелігін анықтау. 7. Түрік тайпаларының славяндармен қарым қатынасын дәлелдеу

    Смайликтермен бағалау – топтардың бірін – бірі бағалауы, жұптар өзара бағалайды, өзін-өзі бағалайды.Критериалды бағалау парақшасы – топ басшысының топ мүшелерін бағалауы

    Сыныптағы санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау. АКТ пайдалану ережелерін сақтау
    Пікірлер
    (0)
    Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
    Пікір қалдырыңыз
    Войдите, чтобы оставить комментарий