Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қылмыскерлерді көшеде атып тастауға рұқсат берілді

Қылмыскерлерді көшеде атып тастауға рұқсат берілді

Рио-де-Жанейро көшелерінде қару асынып жүрген, қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдікті адамдарды полицияның арнаулы командалары атып тастайды.

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Атқыштар жұп-жұбымен жүр. Олардың бірі автоматпен қылмыскерді жусатып салса, қасындағы серігі оның әрекетінің заңға сәйкестігін дәлелдеу үшін оқиғаны видеокамераға түсіріп отырады.

Федералдық судья Уилсон Витцельдің айтуынша, қару асынған қылмыскерлер ескертусіз атылады. Өйткені көшеде қарумен жүретін қандықолдар кез келген адамды өлтіріп кетуі мүмкін. Бразилия әлем елдері арасында адам өлтіру деңгейі ең жоғары ел болып отыр. Онда жылына 64 мың осындай дерек тіркеледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Жандос