Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Құтқарыңдарыңдаршы» деп айқайлады»: Көршілері қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

«Құтқарыңдарыңдаршы» деп айқайлады»: Көршілері қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты
Коллаж: sn.kz

Бүгін Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Көршілері қайғылы оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат портал otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Жетісайда болған алапат өрттен қаза тапқандардың барлығы - бір әулеттің мүшелері.

"Олар үш ағайынды. Әулет мүшелері көрші ауылдағы ағасының ұлының сүндет тойынан келе жатып, Алғабас ауылындағы туыстарының үйіне түнеген. Түн ортасында 360 шаршы метрлік екі қабатты коттедж отқа оранып, 12 адам көз жұмды. Өрт салдарынан үй иесі мен оның отбасы мүшелері қаза тапты", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Көршілері оқиға қалай болғанын айтты.

"Таңғы сағат 5:05-те көрдім. Келіншегі "апа, құтқарыңдаршы" деп айқайлап тұр екен. Сыртқа шыға алмай тұрды. Көршілерге жүгірдім. От лаулап жанып жатыр екен. Біреуі оянды, біреуі оянбады. Менің балам бір баласын алып шықты", - дейді Қанайым Жүнісова.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.