"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Құтқаруға үлгермеді…»: шахта опырылып, 200-ге жуық кенші мерт болды

«Құтқаруға үлгермеді…»: шахта опырылып, 200-ге жуық кенші мерт болды
Фото: Ашық дереккөзі

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Рубая колтан кенішінде болған опырылу салдарынан 200-ден астам адам қаза тапты. Бұл ақпаратты көтерілісшілер тағайындаған аймақ басшысының баспасөз өкілі Лумумба Камбере Муийса Reuters агенттігіне растаған, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға сәрсенбі күні тіркелген. Жұма кешіне дейін қаза тапқандардың нақты саны түбегейлі нақтыланып бітпегені айтылды. Муийсаның сөзіне қарағанда, опырылу кезінде кен орны маңында әртүрлі жерде жүрген адамдар да зардап шеккен.

«Бұл көшкіннің құрбандары 200-ден асады. Олардың ішінде кеншілер де, балалар да, базарда жүрген әйелдер де бар. Кейбір адамдар дер кезінде құтқарылды, бірақ ауыр жарақат алғандар көп», — деді Муийса.

Оның айтуынша, шамамен 20 жаралы адам медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр.  Өкіл қайғылы жағдайдың жауын-шашынды маусыммен тұспа-тұс келгенін алға тартты.

«Қазір жаңбырлы маусым. Топырақ босап, әлсірейді. Адамдар шұңқыр ішінде жүргенде дәл сол топырақ опырылып түсті», — деп түсіндірді ол.

Алайда құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Ақпарат құралдарына ресми түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін айтып, аты-жөнін жарияламауды сұраған дереккөз расталған қаза тапқандар саны кемінде 227 адамға жеткенін мәлімдеген.

Рубая кеніші әлемдік колтан өндірісінің шамамен 15%-ын береді. Колтаннан тантал өндіріледі — бұл ыстыққа төзімді металл ұялы телефондар, компьютерлер, аэроғарыш бөлшектері мен газ турбиналарына қажет. Жергілікті тұрғындардың бір бөлігі кенді қолмен қазып, бірнеше доллар табу үшін осы аймақта жұмыс істейтіні де айтылады. Кеніш 2024 жылдан бері AFC/M23 көтерілісшілер тобының бақылауында.

Біріккен Ұлттар Ұйымы AFC/M23 тобы Рубаядағы пайдалы қазбаны тонап, оны көршілес Руанда үкіметі қолдайды делінетін бүлік әрекеттерін қаржыландыруға жұмсайды деп есептейді. Ал Кигали мұндай айыптауларды жоққа шығарады.

Қарулы топ өз мақсаты ретінде Киншасадағы үкіметті құлатып, Конгодағы тутси азшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атап келеді. Өткен жылы көтерілісшілер жедел ілгерілеу барысында елдің шығысындағы минералға бай аумақтардың тағы бір бөлігін басып алғаны хабарланған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер