KZNews.kz
Спорт

“Құрып кеткір”: Шетелдік боксшылар Жәнібек Әлімханұлын мазаққа айналдырды

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Жәнібек Әлімханұлынан жеңіліп қалған британдық боксшы Дензел Бентли қазақстандық спортшыға қатысты тараған допинг дауына байланысты орын алған жағдайды өрескел түрде талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Допингке қатысты ақпарат жарияланған сәттен кейін-ақ Бентли X әлеуметтік желісінде бұл мәселеге белсене араласып, түрлі пікірлер білдіре бастады. Ол тек басқа қолданушылардың сыни жазбаларын бөлісіп қана қоймай, өзі де өткір әрі дөрекі пікірлер қалдырған.

Соның бірі – Әлімханұлын балаларды қорқытатын «бугименге» теңеуі.

«Құрып кеткір, мына жалған бугимен допинг сынағынан өте алмай қалыпты», – деп жазды ол.

Тағы бір жазбасында британдық спортшы қазақстандық боксшыны кемсіте отырып, «қаңғыбас» сөзін қолданған. Оның бұл мәлімдемелері желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көптеген пікірталас тудырды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары