Балаға сексуалдық сипаттағы видео жіберген: Түркістанда педофилияға күдікті анықталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құрылтайдың бір депутатына жылына қанша қаражат жұмсалады?

Құрылтайдың бір депутатына жылына қанша қаражат жұмсалады?
Фото Informburo.kz

2027 жылғы республикалық бюджет жобасында Құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге 22,53 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында көрсетілген.

Құрылтай құрамында 145 депутат бар, аталған соманы бір депутатқа шаққанда бюджет шығыны жылына шамамен 155,3 млн теңгені құрайды. 

Бұл – депутаттың жалақысы ғана емес. Сома Құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге кететін барлық шығындарды қамтиды, оның ішіне жалақыдан бөлек, коммуналдық төлемдер, депутаттардың көмекшілері, кеңсе тауарлары, іссапарлар, депутаттардың тұруына байланысты шығындар және басқа да әкімшілік шығындар кіреді.

Қос палаталы Парламент жұмыс істеген 2026 жылы оның қызметін қамтамасыз етуге 31,96 млрд теңге жоспарланған. Ол кезде Мәжілісте 98, Сенатта 50 депутат болды және екі палатаның жеке әкімшілік аппараттары жұмыс істеді.

Ал жаңа Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге 2027 жылы 1,76 млрд теңге қарастырылып отыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.