Құрылтай сайлауына Алматы облысында 1 042 987 адам қатысып, өз таңдауын жасайды деп күтілуде.
Оның ішінде кәмілет жасына толған 14 104 азамат алғаш рет сайлауда дауыс беру құқығына ие болып отыр. Ал өңірде таңғы 7:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Мәселен, облыс орталығы Қонаев қаласындағы №956 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін, дауыс беру процесі басталды. Мұнда алғашқылардың бірі болып Қонаев қаласының құрметті азаматы Амангелді Беспаев келді. Ақсақал алдымен жиналған жұртқа бата беріп, ел үшін маңызды оқиғада дұрыс таңдау жасауға шақырды. Қазақ дәстүрінде мұндай ақжолтай тілектер маңызды іс-шаралардың алдында айтылады.
- Еліміз өркедей берсін! Жасаған таңдауымыз келер ұрпақтың игілігіне қызмет етсін. Барша жерлестеріме амандық, бірлік пен береке тілеймін, – деді қария.