Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құрылтай мінберіндегі маңызды үн: реформа, тәртіп, жауапкершілік

Құрылтай мінберіндегі маңызды үн: реформа, тәртіп, жауапкершілік
Фото: Ақорда

Бүгін өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жиында қоғамды толғандырған нақты оқиғалар, институционалдық реформалар мен ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған бастамалар кеңінен талқыланды.

Президент ең алдымен қоғам қауіпсіздігі мен адам құқығын қорғау мәселесіне тоқталды. Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің қаза табуы елді алаңдатқанын айтып, бұл оқиға бойынша Ұлттық құрылтайға 130-дан астам өтініш түскенін атап өтті. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының әрекетіне құқықтық баға беру үшін Ішкі істер министріне тапсырма беріп, Бас прокурордың да істі жеке бақылауына алатынын жеткізді. Президент «Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс» екенін қадап айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Конституциялық реформа мәселесіне ерекше назар аударды. Кәсіби заңгерлер Ата заңның кейбір нормаларын нақтылау қажет екенін алға тартқан. Әсіресе, Президенттің мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтату жағдайындағы биліктің берілу тәртібі нақты көрсетілуі тиіс. Осыған байланысты Президент: «Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет», – деді. Бұл халықаралық тәжірибеге сай әрі биліктің заңдылығын қамтамасыз ететін қағида ретінде аталды.

Ақорда

Құрылтайда заң шығарушы билікті реформалау мәселесі де күн тәртібінде болды. Президент жаңа Парламенттің жұмыс тәртібі мен рәсімдерін түбегейлі жаңарту ұсынылғанын айтты. Депутаттарды бес жылға сайлау және заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын жаңа тетігін енгізу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы бұл өзгерістер «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген саяси жүйені қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ Президент жаңа Парламенттің «Құрылтай» деп аталуы туралы ұсынысқа тоқталды. Оның айтуынша, бұл атау халқымыздың тарихи дәстүрімен сабақтас және ел тағдырын шешуде халықтың рөлін күшейтетін символдық мәнге ие. Жаңа атау заң шығарушы органның қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруы тиіс.

Ақорда

Бұдан бөлек, Ұлттық құрылтайдың ел өміріндегі рөлі де атап өтілді. Президент соңғы жылдары құрылтай мүшелерінің ұсыныстары негізінде ондаған заң қабылданып, әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қорғау, лудомания мен нашақорлыққа қарсы күрес, ономастика және еңбек адамының мәртебесін арттыру бағытында нақты қадамдар жасалғанын айтты.

Жиынды қорытындылай келе, Мемлекет басшысы қоғамның сана-сезімі өзгеріп, реформалардың жүйелі сипат алғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, бүгін көтерілген бастамалар әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.