Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құрбан Тохтамов | өмірбаяны

Құрбан Тохтамов |  өмірбаяны

Құрбан Тохтамов (1932–1988)

5 мамырда бұрынғы Талдықорған облысының Панфилов ауданындағы Садыр ауылында туған. 

1957 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің Шығыс факультетін бітірген. Республикалық «Коммунизм туғи» газетінде, Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында қызмет істеген. Филология ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында ұйғыр тілі мен әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болған.

Бірнеше әңгіме, повесть жинақтарының авторы. Сондай-ақ әдеби сын саласында еңбек етті. 1977 жылы орыс тілінде повесі жарық көрген.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Қарапайым адамдар. Повесть пен әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1962; Сұлтан. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Менің достарым. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1968; Дихандар. Повесть. А., «Жазушы», 1971 – ұйғырша. 1977 – орысша. 1984 – қазақша; Творчестволық ізденіс. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1975.

Автор
Мадияр