6,6 млрд юань: Қазақстан "панда-облигация" нарығында рекорд орнатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құрасбек Сәдібеков Алматының Жетісу ауданына әкім болып тағайындалды

Құрасбек Сәдібеков Алматының Жетісу ауданына әкім болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Құрасбек Сәдібеков Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тағайындау Президент Әкімшілігі мен Алматы қалалық мәслихатының келісімімен жүзеге асқан.

Құрасбек Сәдібеков 1989 жылғы 28 желтоқсанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2017 жылы Ұлыбританиядағы Манчестер университетінде «Халықаралық даму: саясат, басқару және даму стратегиясы» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2011 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған.

2013–2017 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінде түрлі қызмет атқарды. Сонымен қатар 2014–2017 жылдары министрліктің Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінде бас сарапшы болды.

2017–2019 жылдары Парламент Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарды.

2019–2022 жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде үшінші хатшы болып еңбек етті.

2022 жылғы қазаннан 2025 жылғы қаңтарға дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.

2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде инспектор болып жұмыс істеді.

Ал 2025 жылдың мамырынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер