Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құранды орыс тіліне аударған Валерия Порохова қайтыс болды

Құранды орыс тіліне аударған Валерия Порохова қайтыс болды

Валерия-Иман Пороховамен қоштасу сәрсенбі күні Мәскеуде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек — Sputnik. Құранды орыс тіліне аударған жалғыз әйел Валерия-Иман Порохова қайтыс болды, деп хабарлады Ресейдің мүфтийлер кеңесі.

© Sputnik / Владимир Федоренко

Құран кәрімді орыс тіліне тәржімалаған жалғыз әйел Валерия Порохова

Мүфтийлер кеңесі Валерия Порохованың отбасына көңіл айтты. Аудармашы 79 жасында көз жұмды.

Порохова синхронды аудармашы ғана емес, Құран кәрімді орыс тіліне тәржімалаған жалғыз әйел болған.

Тағы оқыңыз: Құранды қазақшаға аударған Халифа Алтай жайлы не білеміз?

"Мен Валерия Порохованың күйеуі Мұхаммад әл-Рошд, отбасы және жақындарының қайғысына ортақпын. Жаратқаннан туысқандарына сабыр беруін дұға етемін", - деп жазды мүфтий Гайнутдин.

Сәрсенбі, 4 қыркүйек күні Мәскеуде Валерия Порохованың жаназасы шығарылады.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан