Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құрал Тоқмырзаұлы | өмірбаяны

Құрал Тоқмырзаұлы |  өмірбаяны

Құрал Тоқмырзаұлы 1937 жылы 23 сәуірде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған. 

1957 жылы Шұбарқұдықтағы ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесін, 1978 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын ауылда тракторшылықтан бастаған, көп жыл Ойыл аудандық, Ақтөбе облыстық газеттерінде істеді. Одан кейін республикалық «Қазақстан», «Жалын», «Жазушы» баспаларында редактор, тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында аға ғылыми қызметкер, Алматы әуежайында қазақ тілінің мұғалімі болған.

Алғашқы шығармалары 1958 жылы Ақтөбе облыстық, Ойыл аудандық газеттерінде жарияланған. Республикалық баспасөзде алғаш рет 1965 жылдан бастап шықты. Содан бері проза саласында көптеген туындылары жарық көрген.

Шығармалары: Сыбызғы сазы. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1978; Оқшау отау. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Үш кие. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1983; Үзеңгі достар. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1984; Байтақ. Роман. А., «Жазушы», 1989; Әулие Әжібай би немесе Дала данышпандары. Ақтөбе, 1998; Ақ күмбез. Ақтөбе, 2000; Тәуекел. Повестер мен әңгімелер. Ақтөбе, 2001. Керзаман. 1кітап. А., «Қайнар», 2005, Керзаман. 2 кітап. А., «Қайнар», 2007.

Автор
Мадияр