10 айда салынған әуежай: Арқалық үлкен өзгерістерге қадам басты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құндыз бен Назгүлдің бұрынғы қамқоршысы Зулфия Төленоваға сот үкімі шықты

Құндыз бен Назгүлдің бұрынғы қамқоршысы Зулфия Төленоваға сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Төленоваға қатысты қылмыстық іс биыл жыл басында қозғалған. Кейін іс сотқа жолданып, сот оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Алайда Зулфия Төленова шығарылған үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

Апелляциялық сот отырысы алдағы күндері өтуі жоспарланып отыр. Сондықтан бірінші сатыдағы сот үкіміне қатысты түпкілікті шешім апелляциялық қараудан кейін белгілі болады.

Қазір Құндыз бен Назгүл Тараз қаласындағы арнайы орталықта тәрбиеленіп жатыр. Мәлімет бойынша, олардың жағдайы тұрақты, көңіл-күйлері жақсы.

Іске қатысты қосымша ақпарат апелляциялық сот шешімі жарияланғаннан кейін белгілі болмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер