Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құлсарыда 7 жасар қыз баланы суға тұншықтырып өлтірген педофил өмір бойына сотталды

Құлсарыда 7 жасар қыз баланы суға тұншықтырып өлтірген педофил өмір бойына сотталды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Құлсары қаласында 7 жасар қыз баланы зорлап, артынша суға тұншықтырып өлтірген ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Kznews.kz

Сотталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі (зорлау, күш қолдану және жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану) және 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмағанды қасақана өлтіру) бойынша айыпталған.

«2025 жылдың маусым айында Құлсары қаласында 7 жасар қыз бала серуендеп болған соң үйіне қайтып келе жатып, жолынан адасып, сотталушымен кездескен. Мас күйдегі ер адам қызға үйіне апарып салуды ұсынып, оны алдап өзімен бірге ертіп кеткен. Кейін өзен жағасына алып барып, дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған. Қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, суға батырып өлтірген», – деп мәлімдеді ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Сот барысында айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтары, оқиға орнын қарау хаттамасы, бейнежазбалар мен сараптама қорытындылары арқылы толық дәлелденді.

Нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.