Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құлдықта болып, мал баққан Назгүлдің енді аяқ-қолын байлап тастаған (ВИДЕО)

Құлдықта болып, мал баққан Назгүлдің енді аяқ-қолын байлап тастаған (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында алаңдаушылық тудырған жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің айтуынша, әлеуметтік желіде Құндыз есімді баланың қол-аяғы мен аузы скочпен байланған фотосы тарап кеткен. Жағдайдың анық-қанығын білу үшін ол баланың қамқоршысы Зүльфиямен байланысқа шыққан.

«Әлеуметтік желіде Құндыздың қолы мен аяғы, аузы скочталған фото тарады. Мәселенің мән-жайын білейін деп қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Алайда оның айтқандары көңілге қонбады. “Мен байлаған жоқпын” деп ақталып отыр. Мен бұған сенбеймін. Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі мен Тараз қаласының полиция департаменті бұл жағдайға назар аударуы керек. Ертең өзім жолға шығамын», – деп жазды Руслан Өтепбай.

Журналист бұл жайтты соңына дейін бақылауда ұстайтынын және тиісті органдардың әрекет етуі қажет екенін атап өтті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер