Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құлахмет Қожықов | өмірбаяны

Құлахмет Қожықов |  өмірбаяны

Құлахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (22.11.1914 жылы туған, қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы - 1986 жылы қайтыс болды) — қазақтың тұңғыш театр суретшісі, график, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), 1934-36 жылы Ленинградтың М.Горький атындағы Үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясында (В.М.Ходасобич, А.Г.Тышлер, М.З.Левиннен) оқыды. 1932-1934 жылдары Қазақтың драма театрында, 1943-50 жылдары "Қазақфильмде" суретші болды. 1950-1955 жылдары "Жазушы" баспасында бас суретші. 1970—1973 жылдары Қолөнері мұражайының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы ғылыми көпшілік "Қазақ қолөнер шеберлері" фильмін қойды. Көптеген спектакль (Әуезовтің "Еңлік-Кебегі", Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібі", Шекспирдің "Отеллосы" т.б.), опера (Жұбанов пен Хамидидің "Абайы") мен фильмдердің ("Жамбыл", "Біз Жетісуданбыз". "Атамекен") декорация эскизі мен киім-кешек үлгілерін жасады. Кітап көркемдеу ісімен шұғылданды.

Автор
Мадияр