"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құйрық бауыр асату: әні, дайындау, дәстүрі

Құйрық бауыр асату: әні, дайындау, дәстүрі

Қазақ дәстүрінде құйрық-бауыр асату –  құда болудың заңды белгісі

Құдалық кезінде жасалатын "құйрық-бауыр асату" салты туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

Құйрық-бауыр деген не

Құйрық-бауыр – қойдың құйрық майы мен бауырын араластырып жасалатын тағам.

"Құйрық-бауыр асату" салтының қазақтың ұлттық салт-дәстүрінде алатын орны ерекше. Құйрық-бауыр жеуде екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген ниет жатыр.

Қазақ халқы арасында бұл салтқа қатысты "Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе" мәтелі де тараған.

Екі жақ келісіп, құда болған жағдайда оларға "құйрық-бауыр" деп аталатын арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел: "Бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар", - деп тілек білдіреді. Құйрық-бауырдан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі – құжат болып бекітілген.

Тағы оқыңыз: XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер

Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет-ғұрыптар, әдетте, әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіні әркімге белгілі. Сондай-ақ, осы "құйрық-бауыр" салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар айтылмай қалмайды.

Құйрық-бауыр әні

Құда, құда дейсің-ау, әй,

Құйрық-бауыр жейсің-ау, әй.

Құйрық-бауыр жемесең,

Несіне құда дейсің-ау, әй.

Үлкен құда, бас құда,

Кіші құда, жас құда.

Құйрық-бауыр әкелдім,

Ауызыңды аш, құда.

Үлкен құда ардақты-ай,

Кіші құда салмақты-ай.

Құйрық-бауыр асатам,

Тістеп алма бармақты-ай.

Үлкен құда әнекей-ау,

Кіші құда мінекей-ау.

Құйрық-бауыр асаттым,

Кәделерің кәнекей-ау!

Дегенмен, бұл өлең әр өңірде әртүрлі айтылады.

Тағы оқыңыз: Ет асып, табақ тартудың жөн-жосығы: қандай қателік жіберуге болмайды?

Дереккөз: "Қазақтың дарқан дастарқаны" кітабы, Сейіт Кенжеахметұлы.


sputniknews.kz
Автор
Жандос