KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Құдды атта отырғандай". Ешкіні тізгіндеген бала жұртты күлдірді (видео)

KZNEWS
Әлеуметтік желіде ұл баланың қозыны тізгіндеп жүрген видеосы жұртты күлкіге қарық қылды. Көптің көңілін көтерген видео petropavlovsk_city парақшасында жарияланды. Балалардың бірі қозыны мінсе, екіншісі оған шана жеккен. Үй жанында тұрған көлікке қарағанда видео Павлодар облысында түсірілген. Желі қолданушылары олардың тапқырлығын жоғары бағалап, видеоға өзінше ат қойып жатты. «Жылқылардың бәрі соғымға кеткен сияқты», «Жылдамдықты тек 30 километрге дейін жеткізуге болатын кез», «Демалыс күні автобус жоқ», «Екіншісі құдды аттың үстінде отырғандай ғой», «Қозы тағдырына риза шығар. Көрпеңе қарап көсілдеген осы ғой» деп әзілдесті желідегілер.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары