Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Құдай сақтады": Танымал мектеп директоры жол апатына түсті (ВИДЕО)

"Құдай сақтады": Танымал мектеп директоры жол апатына түсті (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған «Алтын ханым» байқауының жеңімпазы, мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол апатына ұшырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзі хабарлады. Ақмоншақ Нұртазаның айтуынша, оның көлігі өзге көлікпен соқтығысқан. Салдарынан ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Директор жол апатынан аман қалғанына шүкіршілік етіп, желідегі оқырмандарына жағдайын жеткізді.

"Қайта туған күн. Аман болайық. Бір алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау", – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.

Желі қолданушылары оған тезірек сауығып кетуін тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер