Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қуат Хамитов жеңілген қарсыласы Али Хейбатиді тағы төбелеске шақырды

Қуат Хамитов жеңілген қарсыласы Али Хейбатиді тағы төбелеске шақырды
sports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жақында өткен турнирде жеңген ирандық спортшы Али Хейбатиге қайта жекпе-жек өткізуді ұсынды. Хамитов бұл жолы кездесуді жалаң қолмен жұдырықтасу ережесі бойынша ұйымдастыруды қалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, қос спортшы Атырау қаласында өткен Batyr Fighting Championship турнирінде кездескен болатын. Аталған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталып, Қуат Хамитов қарсыласын қылғындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді.

Жекпе-жектен кейін Хамитов Хейбатидің мінезі мен батылдығын жоғары бағалап, оған құрметін білдірді.

«Али – мінезді, лайықты спортшы. Шақыртудан бас тартпай, Қазақстанға келді. Сондықтан мен онымен жалаң қолмен жұдырықтасу ережесі бойынша реванш өткізуге қуанышты боламын», – деді қазақстандық файтер.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.