ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қуат Терібаев | өмірбаяны

Қуат Терібаев |  өмірбаяны

Қуат Терібаев (1891—1952)

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Чапаев атындағы ұжымшарда туған. 

1916 жылы патшаның июнь жарлығымен майданның қара жұмысына алынды. Қазан төңкерісінен кейін ауылдық кеңестің төрағасы болды. 1936 жылы республикалық айтысқа қатысып, жүлде алды. Сол жылы «Қазақ КСР-нің халық ақыны» деген құрметті атаққа ие болды.

Ақсу ұжымшар-кеңшар театрында, қызыл отауда ұзақ жылдар еңбек етті. Көптеген жыр-терме, толғау-дастандар жазды, айтыстарға қатысты. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын дастанға айналдырып, өзінше жырлады. «Күнсағила», «Айжан–Жанша» дастандарын жазған. Ұлы Отан соғысы жылдарында үгіт бригадасын ұйымдастырды. Т.Көбдіковпен, Ж.Жантөбетовпен, Қ.Жапсарбаевпен айтысты («Айтыс», 3-т., 1966). 1951 жылы «Өмір жыры» деген атпен таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1939), «1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды (1946).

Автор
Мадияр