KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қуат Хамитовтың хиджабтағы қыздар туралы мәлімдемесі қызу пікір тудырды

Torgyn Abushakhman

Қазақстандық танымал MMA жауынгері Қуат Хамитов болашақ жарына қоятын талабын ашық айтты, деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Спортшы Instagram парақшасында жариялаған жазбасында:

«Мен енді тек хиджаб киген қызға ғана үйленемін деп шештім. Ондай арулар мен үшін ерекше. Неліктен екенін, өздеріңіз де түсінесіздер…» — деп жазған.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде үлкен талқылау туғызды. Бірі Қуаттың шешімін қолдап, оның дін мен дәстүрге деген құрметін атап өтсе, енді бірі мұны жеке таңдау мен көзқарас деп қабылдады.Айта кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін де ашық пікірлерімен жиі назарға іліккен спортшылардың бірі. Оның бұл жолғы мәлімдемесі де қоғамда түрлі көзқарас тудырып отыр.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары