KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қуат Хамитов фильм түсіретінін мәлімдеді

Ayzhan Sylanova
Фото: Esquire.kz

Ол өзінің алғашқы көркем фильміне дайындықты бастап кеткенін мәлімдеді.

«Иә, бұл – шындық. Келер жылдың көктемінде өзімнің алғашқы фильмімді түсіруді жоспарлап отырмын. Сценарийді өзім жаздым, актерлерді де жеке өзім таңдаймын. Барлық шығынды өз қаржымнан жабамын. Бұл жоба – мен үшін жай ғана дебют емес, қазақстандық кинематографияға жаңа серпін беретін туынды болмақ», – деді спортшы.

Қуат Хамитов сонымен қатар әлеуметтік желідегі жазбаларында кейбір бойжеткендерге фильмге кастинг мақсатында хабарласқанын да айтып өтті:

«Қыздар, егер мен сендерге жазған болсам – демек, рөлге лайық деп санағаным».

Айта кетейік, Хамитов соңғы жылдары спорттан бөлек шығармашылық бағыттағы бастамаларымен де жиі назарға ілігуде.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары