Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қуаныш Баймағамбетов | өмірбаяны

Қуаныш Баймағамбетов |  өмірбаяны

Қуаныш Баймағамбетов (1895–1973) - Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді атындағы кеңшарда туған. Ерте сауатын ашқан. Темір жол жұмысшысы (1919–1925), бастауыш мектеп мұғалімі (1925–1945), кітапхана меңгерушісі (1945–1960) болып істеген. «Мәрия – Мағауия» дастаны 1926 жылы «Әйел теңдігі» журналында басылды. «Ақындар шашуы» (1927), «Ленин» (1928) жинақтарында өлеңдері шықты. 

1929 жылы «Кедей жыры» деген атпен өлеңдерінің жинағы жарық көрді. «Аңламас батырдың оқиғасы», «Сағит пен Сағат», «Қаңғыбас Сандыбадтың ертегісі», т.б. дастандарында ерлікті, достықты, махаббатты жырлайды. Иса Байзақовпен (1925), Айтбай Дүйсенбаевпен (1957) айтыстары бар. Ауыз әдебиетінің үлгілерін, Сыр бойы ақындарының, Отан соғысы жауынгерлерінің өлеңдерін жинауға көп еңбек сіңірді.

Автор
Мадияр