Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҚТЖ төрағасы журналиске қазақша жауап бере алмай, ұятқа қалд

ҚТЖ төрағасы журналиске қазақша жауап бере алмай, ұятқа қалд
Коллаж Ulysmedia.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Алдыбергенов баспасөз мәслихатында қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмай, ыңғайсыз жағдайға қалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Компанияның қарызына қатысты сұрақ қойылғанда ол біраз кібіртіктеп, ауыр күрсінді. Сәлден соң сұраққа өзі емес, орынбасары жауап беретінін мәлімдеді.

Брифинг барысында мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Қазақ тілінде сұрақ қойған журналистердің кейбірі компания басшысының жауабын түсінбей қалдық деп айтты.

Ал видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі мәселені Алдыбергеновтің толқуымен түсіндірсе, басқалары оның орыс тіліндегі сауалдарға еш қиналмай, толық жауап бергенін алға тартты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.