KZNews.kz
Қоғам

Қостанайда ант қабылдаған курсанттардың жылап тұрған бейнежазба желіде қызу талқылануда (видео)

Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Кадрларда жас курсанттардың ата-анасымен қауышып, көз жасына ерік бергені байқалады. Аналарын құшақтап, сүйіп тұрған сәттері көпшіліктің назарын аударды.

Видеоға пікір қалдырғандардың бір бөлігі жас сарбаздардың жылағанын сынға алса, екіншілері оны қуаныш пен сағыныштың белгісі деп түсіндірді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →