Куәгерлердің айтуынша, ұшақ ұшу жолағында екпін ала бастағанда кенеттен қатты тежеген. Сол сәтте дөңгелек тұсынан ұшқын шығып, артынша отқа оранған.
«Мен дәл дөңгелектің жанында отырған едім. Ұшақ жылдамдық алған сәтте қатты тежеу жасады, сосын ұшқын көрінді, дөңгелек лезде өртеніп кетті. Жолаушылар арасында дүрбелең болды», — деді оқиғаның куәгері, журналист.
Абырой болғанда, ұшақ экипажы тез әрекет етіп, өртті сөндірген. Барлық жолаушылар дереу эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнында әуежайдың өрт сөндіру және қауіпсіздік қызметтері жұмыс істеді.
Компания өкілдері ұшақтың Астана бағытына ұшуы уақытша тоқтатылғанын, техникалық тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.
Рейс кейінге қалдырылып, жолаушыларға басқа бағыттар ұсынылған. Алайда Қазақстан астанасына тікелей ұшатын бос рейс болмағандықтан, кейбір жолаушыларға — оның ішінде Вьетнам мен Қытайға транзитпен бара жатқан туристерге — Алматы арқылы жаңа билет сатып алуға тура келген.
Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, дөңгелектің қызып кетуі немесе тежегіш жүйесінің ақауы төтенше жағдайға себеп болуы мүмкін.
Компания бұл жағдайға байланысты жолаушылардан кешірім сұрап, қауіпсіздік әрқашан басты орында екенінмәлімдеді.