"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда оқушының әкесі мұғалімді соққыға жықты

Қостанайда оқушының әкесі мұғалімді соққыға жықты

Мұғалім қыз балаға әдепсіз сөйлеп қойған.

Қостанай қаласы А.М.Горький атындағы мектептің екінші сыныбында оқитын қыздың әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін соққыға жықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған мектептің директоры Ирина Шушпанова айтқандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға бірнеше мәрте ескерту жасаған.

"Мұғалім қыз балаға әдепсіз сөйлеп қойған. Дегенмен оның бұл сөздері әлдебіреуді қорлайтындай айтылған жоқ. Мұнан соң қыздың әкесі мектепке келіп, оқу орнының дәлізінде мұғалімді ұрып-соққан. Қазір оның жағы сынып, ауруханада жатыр. Осы факт бойынша полицияға арыз жазды", - дейді мектеп директоры.

Ирина Шушпанованың пікірінше, мұғалім оқушыға қатысты артық кеткен, алайда, сол үшін әкесінің қол жұмсауы ретсіз. Керісінше, алдымен мектеп әкімшілігіне хабар беруі тиіс еді.

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады және оқиға бойынша тергеу жүргізілуде екендігін хабарлады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Санжар