Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда мас болып төбелескен полицей атағынан айырылды

Қостанайда мас болып төбелескен полицей атағынан айырылды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қостанайда мерамхана күзетшісімен төбелескен полицейге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Kazpravda.kz Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода хабарлағандай, 2017 жылы қараша айында полиция майоры Ельтузеров Е. С. өзінің таныстарымен Қостанай қаласындағы мейрамханалардың бірінде спирттік ішімдік ішіп, кейін сол таныстарымен "Р10" рестобарына барған.

"Онда Ельтузеров өзінің лауазымдық қызметін пайдалана отырып рестобар күзетшісі А.И.Усенконы балағаттап, кеуде тұсынан бірнеше соққы келтірген", – деді сотта.

Қостанай қаласы №2 сотының 2018 жылғы 05 қарашадағы үкіммен Е.С.Ельтузеровты ҚР ҚК 293 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге құқық қорғау қызметіне байланысты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және полиция майоры арнаулы атағынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Автор
Мадияр