ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайлық үш ұлдың анасы үшем қыз босанып, алты баланың анасы атанды

Қостанайлық үш ұлдың анасы үшем қыз босанып, алты баланың анасы атанды
Фото: Денсаулық сақтау басқармасы

Қостанай облысында соңғы үш жылда алғаш рет үшем өмірге келді. Үш ұл тәрбиелеп отырған 31 жастағы Сымбат Шарапиева бірден үш қыз босанып, бір күнде алты баланың анасы атанды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі парақшасында көпбалалы ананың қуанышты сәтінен видео жарияланған. Ведомство мәліметінше, жүктілік табиғи жолмен болған. Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасында бұған дейін үш ұл өсіп келе жатқан.

“Жүктілік табиғи жолмен болған. Қостанай ауданында тұратын Шарапиевтер отбасында бұған дейін үш ұл өсіп келе жатқан болса, бір күнде отбасында бірден үш қыз дүниеге келді. Жаңа туған сәбилердің екеуінің салмағы – 2600 грамм, біреуінікі – 2300 грамм. Барлығының бойы — 49 сантиметр”, – деп жазды ведомство.

Облыстық аурухана дәрігерлері ананың да, нәрестелердің де жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Мамандар көпұрықты жүктілік жүктілік кезеңінде де, босану кезінде де жоғары қауіп тобына жататынын айтып, мұндай жағдайда тұрақты бақылау мен перинаталдық көмектің жоғары деңгейі қажет екенін атап өтті.

Үшемнің анасы Сымбат Шарапиева жүктілік кезінде бірнеше рет ем қабылдағанын айтып, босанған Қостанай облыстық ауруханасының ұжымына алғысын білдірді.

“Бірінші УЗИ-де егіз деді, ал екіншісінде үшем екенін айтты. Бәріміз таңғалдық. Жүктілік бір қалыпты өтті. Сәл қиналдым. Мұнда дәрігерлер жақсы қарады”, – дейді Сымбат.

Айта кетейік, Сымбаттың үлкені ұлы 10 жаста, екіншісі 8-де, ал үшінші ұлы ақпанда 4 жасқа толады. Дүниеге келген үш қыздың есімін ата-анасы Адия, Аиша және Асел деп қойған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер