KZNews.kz
Жаңалықтар

Қостанайда ер адам әйелі мен енесін өлітіріп, ауыр жазаны арқалады

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Қостанай облысында өз әйелін және енесін аса қатыгездікпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты. Ол 19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп kznews.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық іс Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тергеу мәліметінше, отбасындағы жанжал кезінде айыпталушы әйеліне және енесіне бірнеше мәрте пышақ жарақатын салып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Екі әйел де алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.

Сот шешімі бойынша ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5 және 13-тармақтары – "аса қатыгездікпен және қайталап адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды.

Сот хабарламасында: "Сотталушының жеке басы мен қоғамға қауіптілік дәрежесі ескеріліп, оған 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді", – делінген.

Процесс барысында айыпталушы кінәсін жартылай мойындаған. Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің туыстары қойған моральдық өтемақы талабын да қанағаттандырды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары