Ақмола облысы Қосшы қаласында жол жиегінен жаңа туған шақалақ табылып, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға алғаш әлеуметтік желілерде тараған, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күмәнді пакет жекеменшік сектордан табылған, ұрықтың мерзімі шамамен 6–7 ай болған. Полиция бұл ақпаратты растады.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Іс бақылауға алынған, кінәлілер табылса, заң аясында жауапқа тартылады.