"Соғыс шебінен жеті адам шығарылды": Мейірман Шекеев қуанышты жаңалық жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қосшыда дүкеншіні боқтаған ер адам 15 күнге темір торға қамалды

Қосшыда дүкеншіні боқтаған ер адам 15 күнге темір торға қамалды
Фото: видео скриншот

Оқиға 12 қыркүйек күні күндізгі уақытта болған

Ақмола облысында күндізгі уақытта дүкенге кіріп, бейәдеп сөйлеген ер адам 15 күнге темір торға қамалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 12 қыркүйек күні күндізгі уақытта болған. Косшы қаласының полициясына сауда үйінде ішіп алған ер адамның шу шығарғаны жөнінде хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері ер адамды қолға түсіріп, полиция бөлімшесіне жеткізді. Оның БҚО Сырым ауданының 34 жастағы тумасы Асылбек Аржаев екені анықталды.

«Ол заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті бұзу заң аясында тиісті жауапкершілікке әкеп соғады», - делінген хабарламада.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.