Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қошанов Елбасыға Қарағандыда қанша адамның жалақысы өскенін айтты

Қошанов Елбасыға Қарағандыда қанша адамның жалақысы өскенін айтты

Қарағанды облысында 220 мыңнан астам жұмысшының жалақысы 14 пайызға дейін өскен

АЛМАТЫ, 30 қаңтар — Sputnik.  Қазақстан президенті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен аймақ дамуының алдағы перспективалары жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірдің маңызы зор екенін атап өтіп, газбен қамту мәселесіне, сондай-ақ Теміртау қаласының экологиялық жағдайына айрықша тоқталды.

Облыс әкімі Елбасыға жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

"Сіздің еңбекақы мөлшерін арттыру жөніндегі бастамаңызды облыстағы барлық мекемелер қолдады. Бұл биылғы 1 қаңтардан бастап 220 мыңнан астам жұмысшының жалақысын 14 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, негізгі коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтер 5-11 пайызға төмендейтін болады", – деді Е.Қошанов.

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

Соңында Елбасы өңірді одан әрі өркендету, соның ішінде Қарағанды қаласының құрылысына қатысты мәселелер жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Жандос