Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың анасы дүние салды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы хабарды өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Анасына арнап жан тебірентер жазба жариялады.
"ХОШ БОЛЫҢЫЗ,ПЕРІШТЕ АНА…
Аяулы АНА-сіз тіршілігіңізде АЛЛАҒА мадақ,Пайғамбарға салауат айттыңыз.
Ғибадаттың сұлтаны болған НАМАЗ сайын еліңіздің амандығын, жұртыңыздың тыныштығын тіледіңіз.
Сіздің санаңызға сіңіп,сүйегіңізге біткен дәл осы ұғымды өз басым ұлылыққа балар ем.
Жүрегіңіз-иманда,тіліңіз-қасиетті ҚҰРАНДА болды ЖАН АНА.
Мейіріміңіз көзіңізде,ықыласыңыз көңіліңізде еді,қара шаңырағыңыз сізбен биік,тек өзіңізбен қастерлі екен ғой,қадірліміз де-қасиетіміз де сіз едіңіз ғой АРДАҚТЫМЫЗ-АУ…
Жадыраңызға қарасам жүрегім ауырады,жанарыма жас үйіріледі, көкірегіме қан құйылады…Сіздің жайнамазыңыз бен тәспіңізді бір сипап қоямыз,бір жапырағыңыз кеше ЖАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ құшақтап ұйықтады,оның не Айналайын-ау,-дей алмадым ақ періштеңізге…Орныңыз ойсырап қалды-ау айналып қана кетейін АБЗАЛ АНА…", - деп жазды Нүсіпжанов.
Көпшілік көңіл айтып, қайғыға ортақтасты.