KZNews.kz
Спорт

"Қоржынға екінші қола түсті" – Абылайхан Жұбаназар үздік үштікте

Асқар Алтайұлы
Photo: Kulumbegashvili Tamara

Парижде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысында Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Осылайша Қазақстан қоржынына екінші қола жүлде түсті. Жарыстың екінші күнінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар үздік үштіктен көрінді. Қола медаль үшін белдесуде ол Аустрия спортшысы Бернд Фасчинді жеңді.

Естеріңізге салайық, Абылайхан әлемдік Grand Slam жарыстарында жалпы 7 жүлде алды. Бұған дейін ол 1 күміс 5 қола жүлдеге қол жеткізген.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →