KZNews.kz
Саясат

Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Айжан Сыланова
Фото: Қорғаныс Министрлігі

Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған Серік Борамбаев лауазымынан босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты. Мемлекет басшысының тиісті өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кеткен.

Ресми хабарламада кадрлық шешімнің қабылданғаны ғана айтылып, оның себептері нақты көрсетілмеген.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →