"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қоғамдық орындарда бетін тұмшалағандарды полиция камералар арқылы тауып, жазаға тартады

Қоғамдық орындарда бетін тұмшалағандарды полиция камералар арқылы тауып, жазаға тартады
Фото: pixabay.com

Сенат «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасын қабылдады. Енді қоғамдық орындарда бет-жүзіңізді жауып, танылуға кедергі келтіретін киім кию әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің орынбасары Игорь Лепеха заңның қалай қолданылатынын түсіндірді. 

«Әр жағдайды жеке қараймыз. Мысалы, тұмау эпидемиясы кезінде маска киесеңіз, бұл мәселе емес. Негізгі назарымыз басқа жағдайларда.

Мысалы, Алматыда футбол жанкүйерлері маска киіп, фаерлер жағып, әдепсіз әрекеттер жасаған оқиғалар болды. Мұндай әрекеттер дұрыс емес. Егер заңды бұзсаңыз, біздің камералар сізді таниды және табады. Бұрын да табатынбыз, енді бұл әлдеқайда оңай болады. Шын мәнінде ауырып қалсаңыз, хаттама толтырылуы мүмкін, бірақ ауру екеніңізді растайтын анықтама көрсете аласыз. Біз бұл жағдайда әділ әрекет етеміз», - деді вице-министр Сенат кулуарында.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс қоғамдық орындарда никаб кигендер үшін әкімшілік жауапкершілік енгізетін жаңа заңды қабылдады. Заң бойынша алғашқы рет ескерту, қайталанған жағдайда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі