Қазақстан “Еуропа қыпшақтарынан” жеңіліп қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қоғам қайраткері әрі экс-депутат Ләззат Қалтаева БҰҰ комитетінің мүшесі болып сайланды

Қоғам қайраткері әрі экс-депутат Ләззат Қалтаева БҰҰ комитетінің мүшесі болып сайланды
Фото: Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты Өкілдігі.

Қазақстандағы қоғам қайраткері, экс-депутат, Сенат төрағасының инклюзия жөніндегі кеңесшісі Ләззат Қалтаева ББ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің жаңа мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның кандидатурасын 157 ел қолдаған. Айта кетейік, Ләззат Қалтаева 20 жылдан бері Қазақстандағы инклюзия және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары үшін күресіп келеді.

«Ләззат Қалтаева Қазақстан атынан БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитетіне 2027-2030 жылдар аралығындағы мүшесі болып сайланды. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы аясында БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетініңжаңа  тоғыз мүшесі сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үміткері Ләззат Қалтаева 157 мемлекеттің қолдауымен ең үздік көрсеткішке ие болып, 2027-2030 жылдарға арналған мерзімге Комитет мүшесі болып сайланды», - деп хабарлайды Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты Өкілдігі.

Айта кетейік, Ләззат Қалтаева -  белгілі қоғам қайраткері, экс-сенатор (2022–2024) және еліміздегі мүгедектігі бар жандардың, соның ішінде әйелдердің құқығын қорғау бағытында көпжылдық тәжірибесі бар маман. 2006 жылдан бері «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» мен «Орталық Азия мүгедектер форумының» төрайымы қызметін атқарып келеді. Халықаралық деңгейде танымал сарапшы ретінде БҰҰ ЭСКАТО-ның «Мүгедектердің құқықтары үшін күрескер» сыйлығының иегері және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы арнайы жұмыс тобының мүшесі (2013–2022) болған. 2021 жылы «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.