KZNews.kz
Қоғам

ҚМДБ 2026 жылғы Ораза мен Құрбан айт күндерін бекітті

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күндер күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

ҚМДБ таратқан мәліметке сәйкес, 2026 жылғы Рамазан айы 19 ақпаннан 19 наурызға дейін жалғасады. Қасиетті Қадір түні 16-17 наурызға сәйкес келеді. Ал Ораза айт 20 наурызда атап өтіледі. Биылғы Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр күндері аралығында өтеді.

Діни басқарма өкілдері ай күнтізбесі астрономиялық есептер негізінде анықталғанын атап өтті.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», – делінген хабарламада.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары