Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Qirsabyn телеграм-арнасына қатысты іс сотқа жолданды

Qirsabyn телеграм-арнасына қатысты іс сотқа жолданды
Фото: ашық дереккөзден

Qirsabyn телеграм-арнасының әкімшілеріне қатысты қылмыстық іс сотқа өтті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ulysmedia.kz ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Редакцияның мәліметінше, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Бұл іс әу бастан құпия жағдайда жүргізілді. ҰҚК ақпаратты өте шектеулі түрде ұсынып, ресми сауалдарға қысқа әрі формалды жауаптармен шектеліп отырды.

Бастапқы кезеңде тергеуді екі орган — Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүргізген. Ал күдіктілерді ұстауға қатысқан Қаржылық мониторинг агенттігі істің тергелуіне ресми түрде қатысы болмаған. Кейіннен іс толықтай ҰҚК өндірісіне берілді.

Алғашында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 194-бабы — «Бопсалау» бойынша тіркелген. Кейін оған 147-бап — «Жеке өмірге қолсұғушылық» дерегі қосылған.

Qirsabyn телеграм-арнасының әкімшілері 2024 жылғы 18 желтоқсанда ұсталған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар танымал тұлғалардан ақша бопсалап, жеке өміріне қатысты компромат материалдарды жариялаймыз деп қорқытқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қылмыстық істің қозғалуына танымал тележүргізуші әрі Instagram-инфлюенсердің арызы себеп болған. Оның айтуынша, арна әкімшілері жеке өміріне қатысты ақпаратты жарияламау үшін ақша талап еткен.

Қорқыту мен қысымнан кейін әйел адам күдіктілерге 3 мың АҚШ долларын берген. Алайда соған қарамастан қысым тоқтамаған. Осыдан кейін ол құқық қорғау органдарына жүгінген.

110 мың оқырманы бар арна

Qirsabyn анонимді телеграм-арнасына шамамен 110 мың адам жазылған. 

Арна контенті негізінен:

шоу-бизнес өкілдерінің,

блогерлердің,

танымал тұлғалардың,

кей жағдайларда саясаткерлердің жеке өміріне қатысты жарияланымдардан құралған.

Енді бұл іс бойынша түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.