Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Қажылыққа жолдама”: Ерекше баласы бар ананы кемсіткен коуч кешірім сұрады

“Қажылыққа жолдама”: Ерекше баласы бар ананы кемсіткен коуч кешірім сұрады
Фото: видеодан скриншот

Танымал коуч Бақытбай Сабырбеков өзіне қатысты дау туғызған мәлімдемеден кейін ерекше қажеттілігі бар баланың анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол жұртшылықтың сынына жауап ретінде айтқан сөздерінің бұрмаланып тарағанын айтып, жағдайды жеке өзі түсіндіруге тырысқанын жеткізді. Сонымен бірге әлгі әйелге екі адамға арналған Умраға жолдама сыйлады.

«Кеше ерекше баласы бар анамен әңгімелестік. Балжан ханым, сізден барша халықтың алдында басымды иіп кешірім сұраймын. Ол әңгіме 30 минутқа созылды, ал көпшілікке тарағаны соның небәрі 3 минуты ғана. Балаңызбен немесе жолдасыңызбен қасиетті мекенге барып, дұға жасап қайтыңыз», – деді коуч.

Анасы бұл сыйлықтың өзі үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

«Баламды соңғы рет емдеткенде, қажылыққа екі рет барып келген бір адам “балаңды Қажылыққа апар, дұғалар қабыл болады” деген еді. Кеше сіздің бір адамға қажылық жолдамасын сыйлағаныңызды көріп, қатты толқыдым. Егіліп жылап, дұға еттім», – деді ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.