Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайғылы оқиға: Қазығұртта үш адамның өмірін жалмаған жол апаты орын алды (ВИДЕО)

Қайғылы оқиға: Қазығұртта үш адамның өмірін жалмаған жол апаты орын алды (ВИДЕО)
Фото: Бейнежазбадан кескін

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт – Жібек Жолы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан үш адам көз жұмып, тағы бірнешеуі жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

OTYRAR телеграм арнасының мәліметі бойынша, Kia маркалы көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы Haval автокөлігімен соқтығысқан. Соққы қатты болғаны сонша, оқиға орнында адам шығыны тіркелген. Оқиғаға қатысты видео жарияланып, жұрттың жағасын ұстатты.

Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бірнеше адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатқаны айтылады.

Қазір полиция қызметкерлері жол апатының нақты себеп-салдарын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ресми қорытынды мен толық мәліметтер тергеу нәтижесіне қарай жарияланбақ.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер