Шоу-бизнес

Қазнетте ірі жол апатының видеосы тарап жатыр - Тосын жай

Қазнетте ірі жол апатының видеосы тарап жатыр - Тосын жай

Қазнетте бірнеше адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ өкілдері видеоның Қазақстанға қатысы жоқ екенін айтты.

"WhatsApp-та жол апаты салдарынан адамдардың денелері түсірілген видео таралып жатыр. Ол жағдайдың біздің елге ешқандай қатысы жоқ", - деп хабарлады ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Kaktus.media мәліметінше, 16 желтоқсанда Бішкек-Нарын-Торугарт тасжолында ірі жол апаты болған. Нәтижесінде бес адам қаза болған. Олардың төртеуі Toyota Ipsum көлігінде отырған. Ал Volkswagen Passat көлігі өртеніп, ондағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, Toyota Ipsum көлігінде жеті адам болған, ал Volkswagen Passat көлігінде жүргізуші ғана болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Ipsum жүргізушісі Бішкек - Тоқмақ бағытымен келе жатып, көлік тізгінін басқара алмай, Volkswagen Passat көлігімен соғысқан.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz