KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазмедиада орталығында өрт шықты

KZNEWS

29 наурызда, Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Қазмедиа орталығында трансформатордан өрт шықты. Алайда зардап шеккендер, өрт ортасында қалғандар, жалпы адам шығыны жоқ.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт 20.15-те шыққан. Бүгінде өрт сөндіру жұмысына 13 адам мен 3 техника тартылған.

"Күн бұзылуына байланысты, алдын ала деректер бойынша, қатты жел тұрып, "Қазмедиа" ғимаратына электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесіне су тиген. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, шатыр ішінара зақымданған болуы мүмкін. Депода қосалқы станцияның тұтануы салдарынан сағат 20:15-те теле және радиоарналардың эфирлері тоқтатылды. Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылған және барлық қызметкерді эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер апат салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр", - деді "Қазмедиа" орталығы өкілдері.

Одан бөлек, күн бұзылуына және өрт салдарынан техникалық ақауларға байланысты "Хабар 24" телеарнасы хабар таратуды уақытша тоқтағанын хабарлады.
"Өртсөндірушілердің арқасында өрт 21.12-де сөндірілді. Өртті сөндіргеннен кейін аккумулятор батареясы өртенгені анықталды", - деді қалалық ТЖД өкілдері.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары