KZNews.kz
Әлем

Қазіргі президент экс-президентті бар атағынан айырды

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстанда экс-президент Алмазбек Атамбаев мемлекеттік наградаларынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ел президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен бұрынғы мемлекет басшысы «Қырғыз Республикасының Батыры» атты ең жоғары айрықша атағынан, сондай-ақ «Манас» орденінің II дәрежесінен, «Данакер» ордені мен «Даңқ» медалінен айырылды.

Шешім ресми түрде қабылданып, мемлекеттік марапаттар туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылғаны айтылды.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011–2017 жылдары басқарған. Кейінгі жылдары оның есімі бірқатар қылмыстық істер мен саяси жанжалдармен жиі аталып жүр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →