Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазгидромет ҰҚК-ның кімді ұстағанын айтты - Қылмыс

Қазгидромет ҰҚК-ның кімді ұстағанын айтты - Қылмыс

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері бірнеше басшының ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдіктілер ретінде "Қазгидрометтің" Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Р.И. Андрианов пен "Қазгидрометтің" бас директорының орынбасары Н.К.Сұлтанов ұсталды", - деп хабарлады кәсіпорын өкілдері.

"Қазгидрометтің" жүргізіліп жатқан тергеу шараларына қолдау көрсетіп, барлық материалды қолжетімді етіп жатқаны және жедел-тергеу шаралары жайлы мәлімет жарияламайтыны айтылады.

Еске салайық, осыған дейін ҰҚК "Қазгидромет" басшылығының ұсталғанын хабарлаған болатын. "Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында ҰҚК жүргізген шаралар нәтижесінде "Қазгидромет" РМК-ның бірқатар басшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-тармағымен көзделген ("Пара алу") қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды", - делінген еді ҰҚК хабарламасында.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Мадияр