Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазгидромет" батыстан басқа өңірлерде күн жауын-шашынды болатынын хабарлады

"Қазгидромет" батыстан басқа өңірлерде күн жауын-шашынды болатынын хабарлады
Фото: i1.wp.com

9 қаңтарда еліміздің аумағында күн тағы да құбылмалы болады. “Қазгидромет” РМК мамандарының хабарлауынша, өңірлерде жауын-шашын жауады, батыста ғана күн ашық болады. Бірқатар өңірде көктайғақ болады, тұман түседі, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл  көлі ауданында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысында да арагідік тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түседі, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында арагідік тұман түседі, бұрқасын соғуы мүмкін, Ақмола және Павлодар облыстарында жел күшейеді. Түркістан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, жел 15-25 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында арагідік тұман түсіп, бұрқасын соғады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Арман