БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазцинктегі» жарылыс: жасырынған шындық қашан жария болмақ?

«Қазцинктегі» жарылыс: жасырынған шындық қашан жария болмақ?
Фото: ашық дереккөз

Өскемендегі Казцинк кәсіпорнында болған жарылыстың себептері маусым айында жариялануы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, апатқа қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Жарылыстың нақты неден болғанын анықтау үшін зерттеуге жоғары оқу орындарының ғалымдары да тартылған.

«Бұл іске жан-жақты қарап жатырмыз. Жарылыстың қалай болғанын толық түсіну үшін университет ғалымдарын қостық. Тергеу нәтижелері міндетті түрде БАҚ-қа жарияланады. Меніңше, қорытынды маусым айында белгілі болады», – деді вице-министр.

Еске салайық, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі зауыт аумағында жарылыс болып, аспанға қою ақ түтін көтерілген еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, бірнеше жұмысшы ауыр күйік алған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.