KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қазцинк зауытындағы жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты

• Жарқын Омаров
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өскеменде Қазцинк зауытында болған жарылыс пен одан кейінгі өрт салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Бұл туралы компания мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға түтінсорғышты тазалау кезінде болған.

«Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Арнайы комиссия тексеру жүргізеді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады.

Қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге зауыт басшылығы барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін, соның ішінде материалдық және психологиялық көмек берілетінін мәлімдеді.

5 мамыр күні таңертең Казцинк зауыты аумағында түтінсорғыш жарылған. Құрылымның бір бөлігі құлап, өрт шыққан. Денсаулық сақтау басқармасы тоғыз адамның зардап шеккенін хабарлады. Сағат 10:42-де өрт сөндірілді, құтқарушылар үйінділерді тазалауды жалғастыруда.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →